RU
Лионель Мессидің фанаты Аргентинаның жеңілісінен соң қайтыс болды
Жаңалықтар Спорт

Лионель Мессидің фанаты Аргентинаның жеңілісінен соң қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Аргентина-Хорватия матчынан (0:3) кейін өлім алдындағы хатын қалдырған Аргентина құрамасының жанкүйері Дину Алекс Үндістанның Миначил өзенін өлі күйінде табылды. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

"Альбиселестенің" ірі жеңілісінен кейін Алекс хат қалдырып, үйінен жоқ болып кеткен.

"Бұл өмірде мен көргім келетін ештеңе қалмады. Мен өлімге қарай беттеймін. Менің өліміме ешкім жауапты емес", - деп жазды ол.

Алекс Лионель Мессидің шынайы жанкүйері болған. Ол өзінің әріптестеріне Лео Хорватия қақпасына гол соғып, Аргентина жеңетінін айтқан.

"Мен оның матчты кешке қалай тамашалап отырғанын көрдім. Ол достарына Аргентина жеңіліп қалса, көшеге шығып, жолдастарымен сөйлесуге ұялатындығын жеткізгент", - деді мерт болған фанаттың әкесі.

30 жастағы Алекс жеке фирмада бухгалтер болып қызмет атқарды. Ол бойдақ еді. Оның бөлмесінен хаттан бөлек, Аргентина құрамасының жейдесі мен Мессидің бейнесі бар қалтафон қабы да табылды. Аргентина құрамасы әлі де болсын топтан шығудың мүмкіндіктерін сақтап отыр.

Еске салайық, Аргентина құрамасы Хорватиямен болған матчтан кейін өзінің антирекордын орнатты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel