Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақылды және ұзақ өмір сүретін адамдар жылдың қай айында дүниеге келеді?

Опубликовано:

старики на прогулке
Фото: UGC

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар жылдың әр мезгілінде дүниеге келетін жандардың ерекше қабылеттерін анықтаған. Олар тіпті ақылды және ұзақ жасайтын адамдардың қай айда дүниеге келетінін болжаған деп хабарлайды worldpronews.com-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зерттеушілердің айтуынша, адамның туған айы оның жасының ұзақтығы мен ақыл-санасына тікелей әсер етеді екен. Мәселен, күз және қыс айларында өмір есігін ашқан адамдар ұзақ жасайтын көрінеді.

Бұған дәлел Чикаго университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу болып отыр. Бұл ретте мамандар Чикагода 1880-1895 жылдары туған 1500 адамның жеке мәліметтерін пайдаланған екен.

Ал Бремен университетінің профессоры Александр Лерчлдың айтуынша, Германияда мамыр-маусым айларында өмірге келген жандар өзгелерден ұзақ ғұмыр кешетін көрінеді.

Аталған тұжырымды Калифорния университетінің ғалымдары да растап отыр. Олардың зерртеулеріне сүйенсек, Дания тұрғындарының ұзақ жасайтын адамдары қыркүйек-желтоқсан айлары аралығынде дүниеге келсе, Автралияда мұндай жандар наурыз-маусым айлары аралығында өмірге келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1738986-akyldy-zne-zak-mir-sretin-adamdar-zyldy-kaj-ajynda-dniege-keledi/

pixel