RU
Даниялық ойыншы екі қабырғасы сынса да, алаңға қайта оралды
Жаңалықтар Спорт

Даниялық ойыншы екі қабырғасы сынса да, алаңға қайта оралды

Рассказать Вконтакте

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Уильям Квист екі қабырғасын сындырып, өкпесін зақымдағаннан кейін Ресейге оралды. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: AFP

Фото: AFP

Еске салсақ, Квист топтық кезеңнің бірінші айналымындағы Дания мен Перу матчы кезінде жарақат алды. Бірінші таймның ортасында Квисттің өкпесінен перулік футболшы тізесімен соғып жіберді. Бірақ ойыншы соңына дейін бола алмай, орнына Ласса Шонені шығарды.

Жарақаттан кейін футболшы Данияға ем алу үшін кетіп қалған болатын.

"Біз әзірге оның ойынға оралатындығы жайлы ештеңе білмейміз. Чемпионаттағы қалған күндерді өткізіп ала ма деп қорқып едік, бірақ ол тез қалпына келе бастады", - деді даниялықтардың басты бапкері Оге Харейде.

Топтық кезеңнің Франциямен болатын матчына Квист қатыспайды.

Фото: Спорт день за днем

Фото: Спорт день за днем

Дания құрамасы әлем чемпионатында екі кездесу өткізді: Перуді (1:0) жеңіп, Исландиямен (1:1) тепе-тең түскентін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel