RU
Қатерлі ісікке қарсы ота жасатқан испан футболшысы оянғаннан кейін селфи жасады
Жаңалықтар Әлемде

Қатерлі ісікке қарсы ота жасатқан испан футболшысы оянғаннан кейін селфи жасады

Рассказать Вконтакте

"Ньюкасл", "Ливерпуль" командаларының бұрынғы футболшысы Хосе Энрике ми обырына қарсы ауыр ота жасатты. Соның кесірінен ол көру қабілетінен айырылып қала жаздады. Отадан кейін испан футболшысы бірден өзінің сүйіктісі Эми-Джейнмен бірге селфи жасаған. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Бірде үйге келе жатқанымда қатты жарық менің мазамды ала бастады. Басым ауырып тұрған шығар дедім. Түні бойы басым ауырып, таңда бәрі көз алдымда бұлдырлай бастады. Тексерілу үшін ауруханаға жатқызды. Неврологтар тексеріп, ауыр сырқаттың барын анықтады. Лондонда екі күн өткіздім. Ота жасауға өте қиын жерде орналасқан ісіктің бары анықталды. Ол тура көзімнің артында екен. Маған тіпті көру қабілетіңнен айырыласын деді. Дәрігерлер үлкен жұмыс атқарды.
Жансақтау бөлімінде 24 сағат өткіздім. Дәрігерлерге атқарған жұмысы үшін алғысым шексіз. Мен төсекте бес күн қимылдамай жаттым. Бұл - менің өмірімдегі ең сәтсіз күндер еді. Осының бәрі өмірді бағалуға үйретеді. Футболшылар балқып өмір сүреді. Олар бізге ештеңе болмайды деген қате түсінікпен өмір сүреді. Мен қазір артық қимылдай алмаймын, еңкеюге де шама жоқ. Басымдағы қысым көтерілмес үшін менің төсегім 30 градус бұрышта орналасқан. Маған 35 сәулелі терапия жасалды. Бұл бір жарым ай уақытты алады. Мен соқыр боп қалар едім, тіпті дәрігерлер де таң қалды", - деді Хосе.

Футболшы 2011-2016 жылдары "Ливерпульдың" атынан шыққан. Сондай-ақ ағылшындық "Ньюкаслдың", испандық "Сельтаның", "Вильярреаланың" намысын қорғады. Өткен жылдың қыркүйегінде Энрике жарақаты үшін мансабын аяқтайтындығын мәлімдеді.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel