RU
Түркістан облысында көлік көпірден аударылып, үш адам қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында көлік көпірден аударылып, үш адам қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апаты кезінде жеңіл көлік көпірден аударылып кеткен. Салдарынан көлікте отырған үш жолаушы оқиға орнында қаза болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Бірнеше азаматтың өмірін жалмаған жол апаты Қазғұрт ауданына қарасты Алматы-Ташкент-Термез тас жолында болған.

Апат кезінде көлікте отырған жолаушылардың сөзінше, "Мazda" көлігінің дөңгелегі жарылып кеткен. Салдарынан рөлге ие бола алмаған жеңіл көлік жүргізушісі "Sang Yong Istana" микроавтобусын артқы жағынан келіп соғып, көпірден аударылып кеткен.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

"Мен ұйықтап кетіппін, бір уақытта тарс еткен дауыс естілді. Көзімді ашып қарасам, көліктің ішінде аударылып бара жатырмыз. Әйелім басқа жақтан ұшып кетіпті, бір жолаушы екінші жағынан түсіп қалған. Әупірімдеп жүріп сыртқа әрең дегенде шықтым", - дейді жолаушылардың бірі Фарух Курчиев.

Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызмет хабарлағандай, апат кезінде тоғыз азамат зардап шеккен. Жарақат алғандардың алтауы Өзбекстан елінің азаматы. Ал оқиға орнында қаза тапқандар көпірден аударылып кеткен "Мazda" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы.

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 9 адам зардап шегіп, үш адам

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 9 адам зардап шегіп, үш адам

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тексеру жұмыстары басталып кетті. Аталған жайт "Жол жүрісі қағидаларын бұзу" бабы бойынша ІІО СДТБТ-не тіркелген. Сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel