RU
"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр": Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр": Министр Олжас Сүлейменовке көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қапыда немересінен айырылған ақын Олжас Сүлейменовке көңіл айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Арыстанбек Мұхамедиұлының facebook парақшасынан алынды

Фото: Арыстанбек Мұхамедиұлының facebook парақшасынан алынды
Source: UGC

Халық құрметіне бөленген ақынымыз Олжас Сүлейменовке қайғырып көңіл айтамын. Немересі Ескендірдің қазасы елдің қабырғасына батты. Олжас Омарұлының отбасының басына түскен қайғыны сөзбен айтып жеткізу қиын. Көңіл жұбатар сөз айту да қиын.
Олжас Омарұлының шығармалары қанша адамға қиын сәтте қайыспайтын рух беріп еді. Енді біздер, оның достары, жақын адамдары, ақынның шығармашылығына бас иетін адамдар, бірлесіп оның отбасына тағдырдың салған салмағын жеңілдетуге тырысайық дегім келеді.
Болған іске болаттай берік болыңыз. Сізбен бірге жүрегім қан жылап тұр", - деп жазды министр желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған жол апатынан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі қаза болған еді.

Бүгін марқұмды алматылықтар соңғы сапарға шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel