RU
Ауа райы: Қазақстанның үш облысында дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Қазақстанның үш облысында дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет РМК" өкілдері ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның үш облысында дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: gtrk-omsk.ru

Көрнекі фото: gtrk-omsk.ru

Синоптиктердің болжамынша, 26 маусымда күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай болады, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15 м/с жетеді.

26 маусымда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

25-27 маусымда Атырау облысында 36-38 градусқа дейін ысиды. 26-27 маусымда 40-42 градус аптап ыстық болады. Атырау қаласында да аптап ыстық — сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel