RU
Кафеде танысқан келіншекті ұрып өлтірген оралдық жігіт сотталып тынды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Кафеде танысқан келіншекті ұрып өлтірген оралдық жігіт сотталып тынды

Рассказать Вконтакте

Оралда кісі қанын мойнына жүктеген азамат сотталды. Осыдан 3 ай бұрын қалалық Ішкі істер басқармасы ғимаратының жанынан әйелдің мәйіті табылып, жұрт біраз дүрліккен еді. Енді айуандықпен адам өлтірген жігіт 10 жылдан аса уақытын темір торда өткізетін болды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кафеде танысқан келіншекті ұрып өлтірген оралдық жігіт сотталып тынды

Кафеде танысқан келіншекті ұрып өлтірген оралдық жігіт сотталып тынды

Қанды оқиғаны оралдықтар әлі күнге дейін ұмыта алар емес. Ал ертесіне-ақ күдікті ретінде 28 жастағы Әзімбек Асылбеков құрықталды.

Ол сол күні жанындағы досымен бірге туған күнін атап өткен екен.

Кейін бейтаныс әйелмен танысып, үшеуі сыртқа шыққан соң таксиге отырады. Күдіктінің соттағы айтқан жауабы бойынша, жол бойында жаңа танысқан әйелмен келсіпеушілік туындапты.

Үшеуі таксиден түсіп қалса да, жанжал толастамаған. Ал әйелді ғимараттың артына сүйреп алып кеткен Асылбеков оны аяусыз ұрып, тұншықтырып өлтіріпті.

Бүгін 12 жылға бас бостандығынан айырылған ол моральдық және материалдық шығын есебінде 4 миллион теңге төлеуі тиіс.

Бір айта кететін жайт, қылмыстық істе Асылбековтің қасындағы досының аты аталмаған. Бірақ судья "қылмысты жасыру" бабы бойынша бөлек қаулы қабылдағанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
5
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel