RU
Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіқылмыстық жауапкершілікке тарту үшін аса қауіпті қылмыскер Беслан Лорсановты Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: colombiareports.com

Көрнекі фото: colombiareports.com

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының полициясы Беслан Лорсановты 2011 жылдан бері іздестіріп келген. Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруымен қарақшылық шабуыл жасаған, салдарынан бір адам мерт болды.

Олардың келтірген материалдық шығыны 300 миллион теңгеден асады.

Күдікті қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.

Қазіргі уақытта Лорсанов Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel