Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жындарды қумақ болған тәуіп бойжеткеннің аузын күйдіріп тастады

Опубликовано:

Үндістанда 25 жастағы Джата Деви есімді бойжеткен өзін жаман сезінгендіктен күйеуі Раджастан штатындағы мемлекеттік ауруханаға апармақ болады. Алайда, көрсетілген көмекке қарамастан, бойжеткеннің жағдайы нашарлай берген. Сонда туыстары оның ішінде жындар бар деп, тәуіптің көмегіне жүгінеді деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Жергілікті бақсылар экзорцизмге қажет деп ем үшін қыздырылған сынық темірді қолданады. Бірақ соған қарамастан Джатаның ата-анасы оны тәуіпке апарған. Бойжеткенге көрсетілген "ем" барысында тәуіп оның бетін, тілі мен ернін аямай ыстық темірмен күйдірген еді.

Джатаның жағдайы одан әрі ушығып кетті: қатты қиналып, бір сөз де айта алмаған. Ауруханаға жеткізілген бойжеткенді дәрігерлер тексеріп, ауыр психоз ауруын анықтады. Ақырында іс полицейлерге беріліп, тәуіп ұсталады.

"Мұндай кезде емделушіде тіл мүкістігі байқалып, ұйқысыздық болып, үрей туады. Қуанышқа орай, бұл ауру емделеді, бірақ ол үшін алты айға жуық уақыт керек болады", - деді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739067-zyndardy-kumak-bolgan-tuip-bojzetkenni-auzyn-kjdirip-tastady/

pixel