RU
Баян Алагөзова қытайлық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова қытайлық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Танымал продюсер Баян Алагөзова қытайлық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтап шықты. Ол қоғамда даулы мәселеге айналған аралас некеге қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Алагөзова. Фото: www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/?hl=ru

Баян Алагөзова. Фото: www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/?hl=ru
Source: UGC

"Қытайдың қарызға беретін ақшасы жақсы. Киімі де жақсы. Тамағы да ұнайды. Алайда қытайдың жігіттері ұнамайды, неге?!

Менің айтқым келгені, жүрек кімді сүйетінін таңдамайды. Махаббат адамның түріне де, түсіне де, ұлты мен дініне де қарамайды. Біреудің жеке сезіміне, шешіміне неге өзгелер араласуы керек? Бұл барып тұрған бассыздық. Қазақтың қыз-келіншектері неліктен өзгеге тұрмысқа шығуы үшін қоғамнан рұқсат сұрауы керек?

Құрметті, қазақтың жігіттері! Қазақтың бұрымдылары тек сіздерге ғана тұрмысқа шығуды армандайтындай болыңыздаршы. Ең болмаса әйелдің жекеменшік зат емес екенін түсінсінші. Оларды құрметтеуді, сыйлауды үйреніңдер. Мен аралас некені жақтамаймын да, даттамаймын да. Мен махаббатқа, сезімге қолдау білдіремін. Өйткені, әйелді бақытты ететін - махаббат", - деп пікір білдірді Баян Алагөзова Instagram парақшасында.

Сондай-ақ продюсер болашақта қызы өзге ұлт өкілін сүйіп қалса, қоғамның пікіріне пысқырып қарамайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
79
2
2
2
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel