Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салах әлем чемпионатындағы сәтсіз ойыны үшін халқынан кешірім сұрады

Опубликовано:

"Ливерпульдің" намысын қорғайтын жұлдызды ойыншы Мохаммед Салах әлем чемпионатындағы көрсеткен нәтижесі үшін мысырлық жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Бұл туралы life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мохаммед Салах. Фото: © РИА Новости/Алексей Филиппов
Мохаммед Салах. Фото: © РИА Новости/Алексей Филиппов: UGC

"Үш ойында да жеңіліс тапқанымыз үшін мысыр халқынан кешірім сұраймын және командамызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз", - деді Салах.

Мысыр шабуылшысы жеңіліс табуларының басты себебі мұндай ірі додаға тәжірибенің жетіспейтіндігін айтты.

"Мысыр құрамасының нәтижесі көңіл жұбатарлықтай емес. Дегенмен, біз әлем чемпионатына 28 жылдан кейін енді аяқ бастық. Тәжірибеміз аз, тобымыздан сол себепті шыға алмадық", - деп сөзін аяқтады футболшы.

Эктор Купера жаттықтырған құрама Уругваймен (0:1), Ресеймен (1:3) және Сауд Арабиясымен (1:2) деген есеп көрсетіп, ұпай алмастан өз тобында соңғы орынға жайғасты. Ал мысыр құрамасына тиесілі бар болғаны екі голды Мохаммед Салах салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739076-salah-lem-cempionatyndagy-stsiz-ojyny-sin-halkynan-kesirim-srady/

pixel