RU
Роналдумен кездесуді армандаған келіншек 94 келіге арықтады (видео)
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Роналдумен кездесуді армандаған келіншек 94 келіге арықтады (видео)

Рассказать Вконтакте

Марина Богомолова есімді ресейлік келіншек өзінің сүйікті футболшысы Роналдумен кездесу үшін 94 келі салмағынан арылған. Ол Португалия құрамасының Иранға қарсы ойынын тамашалау үшін Саранск қаласына барған деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Криштиану Роналду. Фото: Your Hairstyle

Криштиану Роналду. Фото: Your Hairstyle

"Жасым 44-те. Мен Роналдудың ресейлік қалыңдығы болғым келеді. Сондай-ақ сүйікті футболшыммен кездесуді армандаймын. Мен бір жарым жылдан бері Роналдумен кездесуді күтіп жүрмін.

Осыдан екі жылдай уақыт бұрын достарыммен футбол көріп отырдым. Сол сәтте Криштиану Роналдуды көрдім. Ол өте керемет, әрі жас", - деді Богомолова.

Маринаның айтуынша, оның артық салмағы үшін күйеуі тастап кеткен. Бұл оқиғадан соң өзіне жаңа "махаббат" тапқан келіншек 209 келіден 115 келіге дейін арықтаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel