RU
Дариға Назарбаеваның қызы өмірлік махаббатын қалай тапты?
Жаңалықтар Қоғам

Дариға Назарбаеваның қызы өмірлік махаббатын қалай тапты?

Рассказать Вконтакте

Дален Шайжүнісовтің туысы Маркен Жақиянұлы Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Дален мен Венераның қалай танысқандарын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Маркен Жақиянұлының сөзінше, Дален мен Венера Алматыда достары арқылы танысқан.

"Олар Алматыда танысты, достары ұйымдастырған кештердің бірінде. Дален ол кезде студент болды, ал Венера 10-сыныпта оқыды. Осылай танысты. Достық махаббатқа ұласты. Бір-біріне ғашық болды. Екі жыл кездесіп жүрді", - дейді Маркен Шайжүнісов.

Ғашық жігіт тіпті, Венера үшін шетелге көшу туралы шешім қабылдапты. Себебі Венера мектеп бітірген соң Дубайдағы университеттердің біріне түскен. Мұны естіген Дален Дубайға ауысқан.

Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығын сырттай оқып бітірген. Бүгінде Венера 1-курсты тәмәмдаған.

Маркен Жақиянұлының сөзінше, елді елең еткізген тойда тек жақындары мен туыстары барлығы шамамен 200 адам болған.

"Мен көп тойларды көрдім. Бірақ осы той өзінің заманауилығымен ұнады. (...) Достары да болды... Адам көп болған жоқ. Шенеуніктер мен таңдаулы адамдар болған жоқ", - дейді ол.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде елбасының немересі, Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венера Назарбаева Шайжүнісовтер әулетінен шыққан 22 жастағы Даленге тұрмысқа шықты.

Некелесу салтанаты Алматыда өтіп, жас жұбайлардың тойында Геннадий Головкин, Филипп Киркоров, Қайрат Нұртас бастаған жұлдыздар бой көрсеткен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
2
1
5
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel