RU
Танымал отандық көпбалалы отбасыларды білесіз бе?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал отандық көпбалалы отбасыларды білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Қазақ мәдениетінде бір емес, брінеше баланы тәрбиелеп отырған жұлдыздар жетерлік. Олардың мінсіз мүсініне, шығармашылығына, гастрольдеріне декреттік демалыс кедергі болмайды. NUR.KZ порталы көпбалалы жұлдызды ата-аналар топтамасына Comode сайты арқылы шолу жасайды.

1. Қыдырәлі мен Қарақат

Жұлдызды отбасының Бекболат, Иманәлі, Нұрәлі, Айсұлтан есімді төрт ұлы мен 2016 жылдың 15 мамыр күні дүниеге келген Аяла есімді бір қыздары бар.

"Шынымды айтсам, мен әлі кемінде үш қызымның болғанын қалаймын. Алла береді деп сенемін. Шүкір, төрт ұлым бір-біріне серік әрі кенжемізге жақсы аға болады деп сенемін. Алайда, қызға де сырласатын әпке-сіңілі керек. Сондықтан, үнемі тағы Алладан перзент тілеймін. Мен үшін әр балам – бір төбе", - деді Қыдырәлі.

2. Динара Сұлтан - бес баланың анасы

«Super Star Kz» жобасының қатысушысы болған Динара Сұлтан қазір шығармашылықтан гөрі, отбасына көбірек көңіл бөліп жүргенімен, жаңа ән, бейнебаян, ерекше фотосессияларымен тыңдарманын қуантып келеді.

3. Ринат Зайытов - төрт баланың әкесі

Бірбеткей, өз ойын бұғып қалмайтын айтыскер ақын Ринат Зайытов да төрт баланың әкесі. Үш қыз, бір ұл сыйлаған жары Зульфия - отбасының ұйытқысы. Шаңырақ көтергендеріне 13 жылдан астам уақыт өткен Ринат пен Зульфияның Ақжүністен кейін Айша, Оспан және Аягөз есімді балалары бар.

4. Тұрсынбек Қабатов - төрт баланың әкесі

Отбасында екінші бала болып өскен Тұрсынбек үшін көпбалалы әке болудың өзіндік нығметі бар екен. Әдемі, Айым, Айару есімді үш арудан соң жұбайы Мөлдір отағасына 2013 жылдың 28 қыркүйегінде Нұриман есімді ұл сыйлады.

Жолдары бір арнада тоғыспаса да актер Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның арасын жалғап тұрған төрт қыздары бар. Аяулым, Айнара, Семанұр, Көркем есімді сұлу қыздарды жұлдызды ана қазір жалғыз тәрбиелейді.

6. Қайрат Нұртас - төрт баланың әкесі

Отбасын ұзақ жылдар бойы көрсетпей, бір мезетте халық алдына шығарған Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге төрт бірдей бүлдіршінді тәрбиелеп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel