RU
Ақтөбеде жүрегіне пышақ тиіп көз жұмған баланың анасы ауыр дертке шалдыққан
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жүрегіне пышақ тиіп көз жұмған баланың анасы ауыр дертке шалдыққан

Рассказать Вконтакте

17 маусым күні араларында шыққан төбелестен соң, жүрегіне пышақ тиіп қаза тапқан ақтөбелік Азат Дүсіпов жайлы тағы бір шындықтың беті ашылды. Биылғы жылы мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырмақ болып отырған түлек жаман ауруға шалдыққан анасы үшін биыл ораза да ұстаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Азат Дүсіпов. Фото: NUR.KZ

Азат Дүсіпов. Фото: NUR.KZ

Алтын белгісін қорғап, екі күннен кейін түрмеге түскен бозбала мен науқас анасын емдетемін деп жүріп пышақ жарақатынан көз жұмған түлек жағдайы көпшілікті есеңгіретіп тастады.

Тұла бойы тұңғышынан айрылып өз-өзін жұбата алмай отырған ана болған оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Сені емдетемін" деп қосымша жұмыс жасап-едің-ау, балапаным-ау. Тест тапсырып, теміржолға оқуға түсемін деп жүрді. Өзі ақылды бала еді. Сол күні не болғанын өзім білмеймін. Биыл мен үшін бірінші рет ораза ұстады. "Емтиханың келе жатыр. Қиын болар, ұстама" дегенімде "Мама, сен үшін ұстаймын" деп еді құлыншағым-ай. Сол күні орталық стадиондағы футболға кеткен.

Сағат 10-нан кеткенде папасы екі-үш рет хабарласты. Ешкім телефонын алмады. Кейін бір бала хабарласып: "Сіз Азаттың папасысыз ба? Балаңыз қансырап жатыр" деген соң әкесі тұра жүгірді. Біз барғанымызда айналасында балалар толып жүрді. Балам жедел жәрдем көлігінің ішінде жатыр екен. Есін біледі "Мама үйге қайтшы, өтінемін үйге қайтшы, бәрі жақсы болады уайымдама" деді. Таңғы 5:30 -да ауруханадан хабарласты. Пышақ жүрекке тиген екен", - дейді марқұм Азат Дүсіповтың анасы Эльвира Дүсіпова.

Марқұмның жаман ауруға шалдыққан анасы баласы оқуға тапсырғаннан кейін емделуге барғалы отыр екен.

Ал күдікті ретінде қамауға алынған түлектің ұстаздары болған оқиғаға сенбей отыр.

"2013 жылы 7 сыныпқа байқаудан өтіп қабылданды. Бала физика-математика бағытына өте бейім. Осы жылы физика пәнінен облыстық олимпиаданың жүлдегері, республикалық жарыстарға қатысып жүрген алтын белгі иегері. Мектептен алтын белгісін қорғап, 15 маусымда аттестатын алды. Жақсы оқиды. Дайындықтарда тестіден 135 баллға дейін алып жүрді. Өте жақсы бала, ешкіммен ренжісетін бала емес. Біреу үшін кешірім сұрай алады", - дейді физика-математика мектебінің директоры Қаракөз Тілеубергенова.

Марқұм Азат Дүсіповтың денесі әжесінің ауылына Бестамаққа жерленген. Ал кінәсін өзі мойындап, полицияға барған түлек тергеу изоляторында қамауда отыр.

ҚР Заңнамасымен материалды көшіріп, басуға тыйым салынады! Мақаланы тек редакцияның рұқсатымен ғана көшіріледі!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
15
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel