RU
Германияда атақты бен Ладеннің бұрынғы оққағары ұсталды
Жаңалықтар Әлемде

Германияда атақты бен Ладеннің бұрынғы оққағары ұсталды

Рассказать Вконтакте

Германияның Бохум қаласында мерт болған Аль-Каида террористік ұйым жетекшісі, "№1 террорист" Усама бен Ладеннің бұрынғы оққағары ұсталды. Бен Ладен 2011 жылы Пәкістандағы арнайы әскери операция кезінде өлтірілді. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ru.oxu.az

Фото: ru.oxu.az

41 жастағы Сами А. Бохум қаласында 1997 жылдан бастап өмір сүріп, мемлекеттен жәрдемақы алып келген. Ол полицияға белгілену үшін келген кезінде ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Усаме бен Ладеннің бұрынғы оққағары Германиядан депортациялануы мүмкін.

The Washington Post америкалық басылымы хабарлағандай, Тунис тумасы Сами А. 1997 жылы Германияға студенттік визасымен кетіп қалған. Ол ай сайын $1,4 көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алып отырған.

Ресми емес ақпарат бойынша, ол 2000 жылы Усаме бен Ладеннің террористік лагерінде оқыған. 2005 жылы Дюссельдорф сотында бейтаныс біреу Сами А.-ның бен Ладенге қызмет еткенін хабарлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel