RU
Қарттық пен мүгедектіктің алдын алудың жолы табылды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қарттық пен мүгедектіктің алдын алудың жолы табылды

Рассказать Вконтакте

Валенсия политехникалық университетінің ғалымдары мүгедектер мен қарттарға арнап жаттығу бағдарламасын әзірледі. Ғалымдардың пікірінше ұсынылған жаттығулар ауырмай ұзақ өмір сүруге көмектеседі деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lia / tiero

Фото: lia / tiero

Сарапшылардың пікірінше, 2050 жылға қарай өмір сүрудің ұзақтығы артуына байланысты әлемнің 22 пайызын қарттар құрайды.

Алайда осы адамдардың арасында мүгедектердің қатары көп болады. Тек кейбір физикалық жаттығулар ғана өмір сүру сапасын жақсартуы мүмкін.

Жаңа бағдарлама бойынша төзімділік, тепе-теңдік сезімдерін дамыту үшін физикалық әрекеттерді істеу керек.

Жобаны сынау мақсатында ғалымдар 70 жастан асқан 112 еріктілерге сынақ жүргізді. Тәжірибенің негізгі бағыты ұзақ уақыт тұру және ешкімнің көмегінсіз серуендеу.

Әуелі еріктілер екі топқа бөлінді. Бірінші топ аптасына екі рет 45 минуттан физикалық жаттығулар жасады және күніне сабақ жиілігін 20 минутқа арттырып отырды.Сынақ уақыты 6 айға дейін созылды. Ал екінші топ болса сырттай бақылап, күнделікті әрекеттерін істеді. Нәтижесінде ғалымдар бірінші топтағы адамдарда күштің, жылдамдықтың, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерінің артқанын дәлелдеді.

Сонымен қатар физикалық белсенділік болмаған жағдайда ағза әлсіреп, мүгедектікке душар болу қаупының артатынын да ескертті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel