RU
Астананың қақ ортасында қытайлықтардың зәулім сарай салып жатқаны рас па? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астананың қақ ортасында қытайлықтардың зәулім сарай салып жатқаны рас па? (фото)

Рассказать Вконтакте

Астананың "Хазірет Сұлтан" мешіті, "Қазақ елі" монументі сияқты бас нысандары бой көтерген ауданда қытайлықтардың көне замандағы сарайларына ұқсас зәулім ғимарат салынуда. Қала тұрғындарының пайымдауынша, аталмыш ғимарат Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің ғимараты болуы әбден мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Бас-аяғы бірнеше айдың ішінде елорданың басты аудандарының бірінде Қытай елінің бағзы замандағы сарайларына ұқсас ғимарат құрылысы басталып кетті.

Сыртқы келбеті мен шатырына қарап оның қытайлық стильде салынып жатқанын анық көруге болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге, хан сарайындай зәулім ғимараттан бөлек мынадай төртбұрыш пішіндес тағы бір нысан бой көтеруде.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өкініштісі, құрылыс алаңының іші-сырты мынадай қоқыс пен үйінділерге толы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал дәл осы нысанның жанында мынадай тағы бір ғимарат салынып жатыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қытайлық сарайларды еске салатын нысанның бой көтеріп жатқан ауданы да Астанадағы элиталық аудан деп саналады.

Себебі мұнда "Хазірет Сұлтан" мешіті, елордадағы ең қымбат пәтерлері бар "Хайвилл Астана" тұрғын-үй кешені сияқты басты нысандар орналасқан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ, құрылыс алаңына жақын маңда АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің бас ғимараты да бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Десе де, астаналықтардың хан сарайындай ғимаратқа қатысты өз айтарлары бар. Олардың сөзіне сенсек, аталған ғимарат Қытай елінің Қазақстандағы елшілігі болмақ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Құрылыс биыл көктемнен бастап қарқын ала бастаған шығар. Нақты қандай кеңсе екенін білмеймін, бірақ Қытайдың елшілігі деп сыбыс бар. Уақытында көре жатармыз",-дейді қала тұрғындары.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
54
14
9
13
2
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel