Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ара шағып алғанда не істеу керек?

Опубликовано:

«Аксимед» клиникасының директоры дәрігер-невролог Алексей Сиделковский ара шаққанда көрсетілу керек алғашқы жәрдем туралы айтып берді. Дәрігер көпшілікке ара сынды уытты жәндіктерді көрген жағдайда ол жерден алыс кеткеннің жөн екенін айтып ескертті деп хабарлайды zi.dn.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: domikmeda.ru
Фото: domikmeda.ru: UGC

Маманның айтуынша ең қауіптісі жәндік шаққанда ағзаға уытын шашып үлгерсе адам денесінде аллергиялық реакция жүруі мүмкін. Кейбір адамдарда мұндай реакция өте жоғары деңгейде жүреді. Сонымен қатар ара уыты нәрестелер үшін де қауіпті. Бала ағзасы уытқа қарсы төтеп бере алмайды.

«Араны байқап, одан құтылу қиын емес. Олар шақпастан бұрын адамды айналшықтап біраз ұшады. Себебі олар ешқашан бірінші шабуыл жасамайды. Адамдардың оларды қорқытуы, өлтірмекке ұмтылуы араны шағуға мәжбүрлейді», - дейді дәрігер.

Және бір сөзінде Сиделский кей адамдарда шабуыл жасайтын жәндіктерді қоздыратын тердің иісі болуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар сізді шаққан жағдайда да ол жәндікке тиіспеу керек. Олардың туыстарына белгі беріп шақыра алатын қабілеті бар.

• Уыт денеге тарамай тұрып сорып түкіріп тастаңыз. Дегенмен ауыз қуыстарынан да бактерия тару мүмкіндігі бар екенін де ескеріңіз.

• Шаққан жерге туралған ақжелкен немесе картопты басыңыз. Бұлар уды өзіне сорып алады.

• Зардап шеккен адамға аллергияға қарсы дәрілер беріңіз(диазолин, кларитин, супрастин)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1739167-ara-sagyp-alganda-ne-isteu-kerek/

pixel