RU
31 жастағы ару өзіне үйленуден бас тартқан ғашығын өлтіріп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

31 жастағы ару өзіне үйленуден бас тартқан ғашығын өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Әзірбайжанда 31 жастағы сұлу өзінің 24 жастағы ғашығын пышақтап өлтірді. 1987 жылы туған Гюнель Алиева өз сүйгеніне ашу үстінде қару кезеніп, тамағын орып жіберген деп хабарлайды news.am сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:24.kz

Фото:24.kz

Қонақ үйдің бір бөлмесін жалдаған қос ғашықтың махаббат хикаясының соңы өліммен аяқталды.

Оқиға орнына келіп жеткен құқық қорғау қызметкерлері Гюнельді құрықтаған.

Алиеваның айтуынша, сүйгені оған үйленетінін айтып, абыройынан айырыпты. Алайда оқыс жағдай орын алған күні жас жігіт Гюнельге үйленбейтінін айтып, одан бас тартқан.

Қатты ашуға бой алдырған сұлу сол жерде жігітінің тамағына пышақ тығып, 24 жастағы азамат қаза тапқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel