RU
Шамға ұқсағысы келген ер адам жалаңаштанып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Шамға ұқсағысы келген ер адам жалаңаштанып тастады

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Владивосток қаласындағы Приморье филармониясының келушілері қызық бір көрініске тап болды. Ғимарат ішінде жалаңаш ер адам шамның қызметін атқарып тұрған. Одан бөлек, театр әртістерінің жыныстық қатынасты сахналандырғаны да көптің ашуын туғызған. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Instagram/tsypchenkovs

Фото: Instagram/tsypchenkovs

Белгілі болғандай, бұл шараны жергілікті жарнама агенттігі ұйымдастырған. Филармония директоры Анна Алеконың айтуынша, ол қойылым авторларының ойынан хабарсыз болыпты.

"Осы шараның ұйымдастырушылары тірі қойылымның форматы жайлы маған ештеңе айтпады. Әлеуметтік желіде талқыланып жатқан бұл жағдай біз үшін үлкен "тосынсый" болды. Бұл этикалық нормаларға жат", - деді ол.

Сонымен қатар, Приморье ауданының вице-губернаторы Константин Межонов болған оқиғаға қатысты өзінің наразылығын білдірді. Оның ойынша, "бұған қарау мүмкін емес" әрі даудан кейін міндетті түрде "шаралар қолданылатын болады".

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel