RU
Атырауда 15 жастағы қызының темекі шеккені үшін анасы жауапқа тартылды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда 15 жастағы қызының темекі шеккені үшін анасы жауапқа тартылды

Рассказать Вконтакте

Атырау соты қызының темекі шегіп, оның қалдығын қоғамдық жерге тастағаны үшін анасын жауапқа тартты деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

темекі

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен А.ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, оның кәмелетке толмаған 2003 жылы туған қызы Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында кәмелетке толмаған Б. істің мән-жайын қуаттап, өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттенді.

Сотпен азаматша А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel