RU
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды (видео)

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да Тарбағатай мен Көкпекті аудандарының аралығындағы тас жолда адам шошырлық жол апаты болды. Екі көліктің соқтығысу салдарынан төрт адам мерт болды. Оқиғаның мән-жайы жайлы куәгерлер айтып берді. Бұл туралы altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Қайғылы апаттан тарбағатайлық такси жүргізушісі, екі әйел адам мен жүргізуші жігіт қайтыс болған.

Көз жұмған әйелдердің бірінің жанында жолдасы мен немересі отырған екен. Аман қалғандардың барлығы дерлік ауыр дене жарақаттарын алды.

"Жол апатында төрт адам көз жұмды. Екінші көліктегі жүргізуші зайсандық жігіт бас кезінде тірі болатын. Көліктен алып шыққан соң жан тапсырды. Артқы жақта Зайсанның жас қызы қауіпсіздік белдігін тақпай отыр екен, басы жарылып, аяғы сынған. Тағы бір жолаушының қолы, қабырғасы сыныпты. Бір бала аман, алдына сөмкесін ұстап отырған, рюкзактың арқасында тірі қалды", - деді Мейір есімді жол апатының куәгері.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі сағаттан кейін жеткен.

Ескерту! Бейнежазбада адам психологиясына әсер ететін кадрлар кездеседі.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
15
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel