RU
Жеңіс Қасымбек жолда аударылған пойыз апатының себебін түсіндірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жеңіс Қасымбек жолда аударылған пойыз апатының себебін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астана-Алматы бағытында жүрген пойыз апатының себебін айтты. Бұл туралы today сайтынан сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ұасымбек

Жеңіс Қасымбек Үкімет тарапынан тілшілердің қойған сұрағына жауап беріп, бар кінә жолдың сапасында екенін айтты.

"Жолдың жағдайы туралы бір емес, бірнеше рет сөз қозғалды. Күнделікті тексеріс, жөндеу жұмысының сапасы жайында сұрақтар толассыз келіп жатыр. Айыптыларды комиссия анықтайды", - деп жауап берді тілшілерге министр.

Сондай-ақ, ол өз сөзінің бірінде апаттың орын алуы шыжыған ыстыққа да байланысты екенін айтты.

Естеріңізге салсақ, 17 маусым күні Астанадан Алматыға жүйткіген поездың сегіз вагоны рельстен шығып кеткен болатын. 25 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінсе, бір адам қаза тапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel