RU
Әжетхана маңында сақталған балмұздақ пен сусындар көптің ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Әжетхана маңында сақталған балмұздақ пен сусындар көптің ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияға Астана қалалық саябағындағы сусындар мен балмұздақтар тоңазытқыштарының түні бойы әжетхана қасында тұратынын мәлімдеді. Ол тіпті оқиға орнынан арнайы видео да түсіріп жіберді.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бейнежазбада әйел адамдардың жылжымалы тоңазытқыштарды әжетхана қасына қойып жатқаны көрініс тапты.

Видео авторының айтуынша, тоңазытқыш ішіндегі балмұздақтар мен сусындар сол қалпында адамдар дәрет сындыратын әжетхана маңында түні бойы тұрады.

"Бұл саябақта күндіз балаларын алып жүрген ата-аналар жүреді. Бүлдіршіндерге түні бойы дәретхана маңында тұрған балмұздақты әпергеннен олар бейхабар. Бұл барып тұрған сорақы қылық", - деп айтты ер адам.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel