Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінде күші 4 баллға дейін жеткен жер сілкінісі болды

Опубликовано:

Маңғыстау облысында табиғат тосын сый көрсетіп, аймақтан 350 км-ге жуық жерде жер дүмпуі орын алған. Жер асты дүмпуін көрші Әзірбайжан елінің республикалық сейсмологиялық орталығы да растап отыр деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

Мамандардың айтуынша жер cілкінісі Ақтау қаласынан 342 шақырым жерде маусымның 25-і күні кешкі сағат 20:45–те тіркелген.

Жер асты дүмпуінің күші шамамен 3,8 баллға жеткен.

Ал жер сілкінісінің гипоцентрі болса 60 шақырым тереңдікте болған деген болжам бар. Абырой болғанда табиғаттың тосын сыйынан ешкім зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1739205-kaspij-teizinde-ksi-4-ballga-dejin-zetken-zer-silkinisi-boldy/

pixel