RU
Алматыда жүріп келе жатқан көлікке ағаш құлап, екі адам тіл тартпай кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жүріп келе жатқан көлікке ағаш құлап, екі адам тіл тартпай кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Құлжа тасжолының бойында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жүріп келе жатқан көліктің үстіне кенеттен ауыр ағаш құлап, екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ағаш құлап түсті

Фото: Zakon.kz

Құлжа тасжолының бойымен қалаға қарай қозғалып келе жатқан Nissan Primera автокөлігінің үстіне кенеттен ағаш құлап түскен.

Алматыда жүріп келе жатқан көлікке ағаш құлап, екі адам тіл тартпай кетті (фото)

Фото: Zakon.kz

Ағаштың салмағы өте ауыр болғандықтан, көліктің төбесі толықтай жапырылып қалған. Сонымен бірге, ағаш көлік ішіндегі адамдарды да басып қалыпты.

Ағаш құлап түсті

Фото: Zakon.kz

Көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ағаш құлап түсті

Фото: Zakon.kz

Көлік өздігінен 200 метрге дейін жүріп барып, жол жиегінде өсіп тұрған ағашқа барып соғылыпты.

Ағаш құлап түсті

Фото: Zakon.kz

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel