RU
Бойжеткеннің төсінен есірткі иіскеген полицей бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар Әлемде

Бойжеткеннің төсінен есірткі иіскеген полицей бас бостандығынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Америкада өзара көңіл жарастырған полиция бөлімінің қызметкерлері істі болды. Екеуі де отбасылы бола тұра, сырттай қарым-қатынас құрған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Керри Рив пен Адам Джексон бір бөлімде қызмет еткен. Олар өз қарым-қатынастарын жасырын ұстағанымен, әріптестері олардың көңіл қосқанын баяғыдан бері біліп қойды.

Қарым-қатынастары әшкереленгенннен кейін, ғашықтардың махаббат рәсімдері жайлы да тың ақпарат шыққан.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Анықталғандай, Керри төсіне кокаин жағып сүйіктісіне иіскететін болған. Дәл осы оқиға екі тәртіп сақшысын соттауға түрткі болды.

Керри Рив 31 аптаға қамалса, Адам Джексон 18 айға темір торға тоғытылған. Қос ғашықтың заңды күйеуі мен әйелі бірден ажырасуға арыз берген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

"Олар отбасыларын ойрандап, өздерін көрге тықты" , деп айтуыда әріптестері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel