RU
Әділет министрлігі Ұлттық қор активтерінің бұғатталғанын жоққа шығарды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әділет министрлігі Ұлттық қор активтерінің бұғатталғанын жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Әділет министрлігі Ұлттық қор активтерінің кезекті бұғатталғаны туралы қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әділет

Министрліктің мәліметінше, 19 маусымда Англияның апелляциялық соты BNYM мен Ұлттық банк арасында жасалған кастодиандық келісім ережелері бойынша Bank of New York Mellon (BNYM) міндеттемелеріне қатысты істе шешім шығарды.

"Англияның апелляциялық соты белгиялық сот шешімінің негізінде BNYM-ның Англия аумағындағы активтерді бұғаттау құқығы туралы оқшауландырылған заңды мәселені ғана қарады", - деп атап өткен Әділет министрлігі.

Брюсселдегі бірінші сатыдағы соттың 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімі бойынша босатылған Ұлттық қордың 21,5 млрд АҚШ долларына жуық сомадағы активтері басқа кастодиан-банктердегі шоттарға аударылғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банк 530 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты босату үшін ағымдағы жылғы 28 мамырда Англияның коммерциялық сотында жаңа процесске бастама жасады.

Аталған сот процестері Статидің төрелік шешім бойынша төлемдерінің мәселесін қозғамайды, тек қана қамтамасыз ету шараларына – активтерді бұғаттауға қатысты екенін атап өткен жөн.

Әділет министрлігі журналистерді расталмаған мәліметтерді жарияламастан бұрын жағдайды түсіндіру үшін уәкілетті органға жүгінуге шақырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel