RU
Қазақтан шыққан олимпиада чемпионы өзінің жеке өмірі туралы ашып айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қазақтан шыққан олимпиада чемпионы өзінің жеке өмірі туралы ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Ұлты қазақ болғанымен, Беларусь елінің намысын қорғап жүрген Динара Әлімбекова биылғы жылғы қысқы олимпиада ойындарында топ жарып, алтын медаль иеленген еді. Белгілі спортшы жақында ғана тілшілерге сұхбат беріп, өзінің жеке өмірі жайлы бар құпиясын айтып берген деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ztb.kz

Фото: ztb.kz

Белгілі болғандай, бүгінде қазақ қызына Беларусь елінің Могилев облысының Чаусы қаласының құрметті азаматы атағы беріліпті.

Қала күніне арналған салтанатты шараға қатысқан ол тілшілерге жеке өмірі жайлы да әңгімелеп берді. Айтуынша, бүгінде оның жүрегі бос емес көрінеді. Десе де, спортшы "шаңырақ көтеруге асықпайтынын" жеткізген.

Сонымен бірге, спортшы қыздың иығына жақында ғана ота жасалыпты. Қазіргі таңда ол отадан кейінгі оңалту шараларын жасап жатқан көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel