RU
"Көресіздер өздеріңіз": Әбдірахымов жұмысқа велосипедпен баратынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Көресіздер өздеріңіз": Әбдірахымов жұмысқа велосипедпен баратынын айтты

Рассказать Вконтакте

Қайтадан Шымкент әкімі атанған Ғабидолла Әбдірахымов бұрынғы әдетінен жаңылмай, жұмысқа велосипедпен баратынын айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Шымкентті екі жыл басқарған 43 жастағы Әбдірахымов түрлі бастамаларымен ерекшеленген еді. Қымбат қызметтік машинадан бас тартып велосипедпен жүрді.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Тіпті, қол астындағыларды мәжбүрлеп қоғамдық көлікке отырғызған. Енді бұрынғы креслосына жайғасқан әкім бұл әдетінен жаңылмағанын айтты.

"Көресіздер өздеріңіз. Велосипедпен жүреміз. Жалпы автобуспен жүрген мәселе ол журналистердің алдында көріну емес. Ол жаңағы мәселені терең көріп, орынбасарларым да көрсін деп, мәселені шешу үшін жасалған нәрсе", - дейді Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, бүгін Астанаға келіп үкімет отырысына қатысқан су жаңа үшінші мегаполистің әкімі ауқымды жоспарларымен бөліскен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
10
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel