RU

Баян Алагөзова күйеуімен түскен суретін желіге салып, елді алаңдатып қойды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Былтыр ғана кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығып, екінші рет некесін қидырған Баян Алагөзова желідегі екіұшты жазбасымен жұртты алаңдатып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер Іnstagram желісіне күйеуі Тұрсынмен түскен суретін жүктеп, оған бірге өткізген бақытты сәттері жайлы рақмет айтып, жазба қалдырды.

"Бақытты сәттер үшін рақмет. Өкінішті", - деп жазды продюсер.

Алайда желі қолданушылары Баян Мақсатқызының мұнымен не айтпақ болғанын түсіне алмай, әлек болуда. Бірі жұбайлар айырылысты деп болжаса, енді бірі бұны қалжыңға балауда.

Ал тағы бір оқырмандар продюсердің бұл жазбасын пиар деп бағалауда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Баян Алагөзова күйеуімен түскен суретін желіге салып, елді алаңдатып қойды (фото)
Mailfire view pixel