RU
Өзбекстанның білім министрі барлық қызметкерін жұмыстан босатқан
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанның білім министрі барлық қызметкерін жұмыстан босатқан

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның халықтық білім беру министрі Шерзд Шерматов 25 маусымда мекеменің барлық бөлім және басқарма басшыларын қызметтерінен босатты деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбекстанның білім министрі барлық қызметкерін жұмыстан босатқан

Өзбекстанның білім министрі барлық қызметкерін жұмыстан босатқан

"Мұндай шешім Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің министрліктің кадрлық құрамды жаңарту жөніндегі бұйрығына сәйкес қабылданды", – деп хабарлайды жергілікті БАҚ білім министрлігіне сілтеме жасап.

Білім саласы мамандарымен кездесу кезінде Шерзод Шерматов бұдан былай министрліктің қызметі үш қағидаға: сапа, тазалық және әділеттілікке негізделетінін айтқан.

"Осы үш мақсатпен жүретіндер ғана қызмет істей алады, дайын еместерімен қоштасамыз", – деген министр.

20 маусымда бес жыл бойы білім министрі болған Улугбек Иноятов қызметінен алынған. Оның орнына инновациялық даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Шерзод Шерматов тағайындалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel