RU
Біртанов қатерлі дертпен күресу үшін биліктен 35 млрд теңге сұрады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Біртанов қатерлі дертпен күресу үшін биліктен 35 млрд теңге сұрады

Рассказать Вконтакте

Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандардың саны 170 мыңнан асқан. Сондықтан Денсаулық сақтау министрі шұғыл түрде рак ауруына қарсы күрес жариялау керек дейді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Біртанов

Фотоколлаж: centralasian.org

Елжан Біртановтың айтуынша, онкологиялық ауруды ерте кезде анықтап, емдеуге болады. Бірақ диагностика жасау үшін заманауи қондырғы қажет. Ол елімізде тапшы. Дәрігерлер де жетіспейді екен.

Сондықтан, қатерлі ісікке шалдыққандардың халықаралық рейтингінде Қазақстан алдыңғы орынға шығып кеткен.

Министрдің айтуынша, жағдайды түзеу үшін 35 миллиард теңге қажет. Оған жауапты ведомство Астана және Павлодар қалаларында онкологиялық орталықтар ашып, қондырғылар сатып алмақ.

"Орталықтың негізгі міндеттері халықаралық стандарттарға сай онкологиялық көмек көрсету, онкология саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, және профилакти мен емдеу әдістерін арттыру және енгізу болып табылады", - дейді Денсаулық сақтау министрі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel