RU
Емізулі баланы ұстап отырған ЦОН қызметкері көпшіліктің ашуын тудырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Емізулі баланы ұстап отырған ЦОН қызметкері көпшіліктің ашуын тудырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астананың Халыққа қызмет көрсету орталығына барған тұрғындар қызық жағдайдың куәгері болған. ЦОН қызметкерінің бір қолына емізулі баланы ұстап алып, екінші қолымен көпшілікке көмек көрсеткен қылығы тұрғындардың ашуын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Бабаева. Фото: Мұрат Жұманбай парақшасынан алынды

Баян Бабаева. Фото: Мұрат Жұманбай парақшасынан алынды

Алайда сәби қызметкердің баласы емес екен. Осы жерден құжаттарын алмақ болып келген жас ана ЦОН қызметкерінен нәрестесін ұстай тұруды өтінген. Ал өзі құжаттарының көшірмесін жасауға кетіпті.

Қоғамда дау тудырған суретті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook парақшасында жариялаған.

Желі қолданушылары суреттегі Баян Бабаеваның қызметіне жүгінгенін айтып, оның адамгершілігін сөз етті.

Ал енді біреулер өзге адамға баласын сеніп тапсыра салған жас ананы сынның астына алды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
25
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel