RU
Танымал әнші қытай мен қазақ қызының махаббатын жақтаған Баянды сөгіп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әнші қытай мен қазақ қызының махаббатын жақтаған Баянды сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық атышулы продюсер Баян Мақсатқызы қытайлыққа тұрмысқа шығып, қоғамда дау тудырған қазақ қызына қолдау білдірген болатын. Алайда, әнші әрі продюсер Ерлан Орынбасаров әріптесі Алагөзоваға қарсы шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерлан Орынбасаров пен Баян Алагөзова. Фото-коллаж: NUR.KZ

Ерлан Орынбасаров пен Баян Алагөзова. Фото-коллаж: NUR.KZ

"Кезінде Кончитаға да қолдау білдіргенсіз" деген Орынбасаров Алагөзованың пікірімен келіспейтінін айтты.

"Сөзбен дауласуды мүлде жаным қаламайды. Әсіресе сіз сияқты жандармен. Бірақ мына посттан кейін шыдай алмадым.

Есіңізде болса, Кончита деген гейді жақтап, менімен дауласқансыз. Сіз "Олар да адам. Оларда да любовь" деп сөз бастағансыз.

Сол кезде "Иман", "Алла" жайында сөз айтқанымда, "Совет одағында өмірге келдік. Онсыз да өмірге сүрдік" деп ақталып едіңіз.

Айтпағым, Атам қазақтың діні мен тілі, салт-дәстүрінің иісі мұрныңызға бармаған соң, қазақ ұлты жайлы сөйлемей-ақ қойсаңыз екен деген сізден өтінішім бар", - деді Ерлан Орынбасаров.

Айта кетейік, бұл жазба көп ұзамай парақшадан өшірілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
1
107
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel