RU
Роналду келесі кезеңге әрең дегенде өткен Мессидің көзіне күйік болмақ
Жаңалықтар

Роналду келесі кезеңге әрең дегенде өткен Мессидің көзіне күйік болмақ

Рассказать Вконтакте

Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдаманы жұлып алған Аргентина құрама командасы келесі сында Франциямен кездесетін болды. Ең қызығы, Қазанда болатын ойын кезіне Месси тұратын қонақ үй Роналду бейнесіне қарама-қарсы орналасқан. Енді ол өз қарсыласын күнде көріп оянатыны сөзсіз деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Франция құрамасы Қазандағы "Мираж" қонақ үйіне орнығып үлгерді. Ол жерде құрама Австралиямен болған кездесу кезінде тұрған.

Сол себепті, аргентиналықтарға "Рамада" қонақ үйі бұйырған. Бұл ғимараттан Лионель Мессидің бас қарсыласы Криштиану Роналдудың даңғарадай қабырға суреті көрінеді.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы күні кеше Нигерияны жеңіп кетіп, келесі кезеңге жолдамаға ие болды. Ал, француздар болса топтық кезеңнің екінші айналымында-ақ 1/8 финалға өтетіндерін білген.

Екі құрама арасындағы ойын 30 маусым күні Қазан қаласында өтпек. Әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel