RU
Сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болған жігіт қонақ үйді өртеп жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болған жігіт қонақ үйді өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы Чжэнцзян өлкесінде қызықты жағдай орын алды. Ер жігіт кездесіп жүргендеріне бір жыл толған ғашығына үйленуге ұсыныс білдіремін деп қонақ үйді өртеп жіберген. Бәріне жағулы күйде қалып кеткен шам кінәлі болды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: isonnik.ru/Коллаж: NUR.KZ

Фото: isonnik.ru/Коллаж: NUR.KZ

Сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағысы келген ер жігіт қонақ үй нөмірін жалға алып, бөлмені раушан гүлдер мен шамдарға толтырған. Бойжеткеннің келіп қалған уақыты болғанда ол, шамдарды жағулы күйде тастап қызды күтіп алуға шығады.

Екі ғашық нөмірге келгенде тосын-сыйдың орнына лаулап жанып жатқан бөлмеге тап болған. Тек өздерінің емес, оған қоса 8 бөлмені бірдей өрт шалды.

Тексеріс жасаған мамандар өрттің шығу себебі шамдардан екенін бірден айтты. Соңына дейін жанып кеткен шамның жалыны кілемге өтіп, бөлмені өрт шалған.

Енді ер жігіт тоғыз бөлмені өртегені үшін 250 мың юань төлеуге міндетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel