RU
Қытай билігі мұсылмандарды аңдудың жаңа тәсілін ойлап тапты (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Қытай билігі мұсылмандарды аңдудың жаңа тәсілін ойлап тапты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қытай билігі негізінен этникалық әрі діни азшылықты құрайтын ұлттар мекендейтін бес мемлекеттік провинцияда кептерге ұқсатып жасаған дронды ұшыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайлықтар мұсылмандарды аңдудың жаңа тәсілін ойлап тапты (видео)

Қытайлықтар мұсылмандарды аңдудың жаңа тәсілін ойлап тапты (видео)

Олар бұл әрекетімен аталған провинциялардағы азаматтарды сезік тудырмай бақыламақшы.

Дрондар мұсылмандар шоғырланған елді-мекендерде үйірімен ұшырылуы мүмкін. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты.

Қытайлықтар мұсылмандарды аңдудың жаңа тәсілін ойлап тапты (видео)

Қытайлықтар мұсылмандарды аңдудың жаңа тәсілін ойлап тапты (видео)

Көгершін бейнесіндегі дронды Сиандағы солтүстік-батыс саяси университетінің мамандары құрастырған.

Ол өзге дрондарға қарағанда тек пішіні құсқа ұқсайтындығымен ғана емес, сонымен қатар, құс сияқты әуеде самғап ұшып, қанат қағып ерекшеленетін болады.

Сонымен қатар, өзге дрондарға қарағанда, шуды аз бөледі. Тыңшылық құрылғы камерамен, GPS-датчигімен және спутниктік байланыспен жабдықталады.

Бұл дрондар екі мыңнан аса сынақтан сәтті өткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
4
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel