RU
Оған бәрі қарсы болған: Марқұм болған Сүлейменовтің қалыңдығы сүйгенін еске алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оған бәрі қарсы болған: Марқұм болған Сүлейменовтің қалыңдығы сүйгенін еске алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі биыл отау құрмақ болған. Айтқызбай келген ажал тосыннан алып кеткен Ескендір Сүлейменов жайлы оның қалыңдығы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ескендір сүйіктісімен. Фото: www.instagram.com/aluabekkozha/?utm_source=ig_embed

Ескендір сүйіктісімен. Фото: www.instagram.com/aluabekkozha/?utm_source=ig_embed

Ескендір өзі опат болған мотоциклді қоярда-қоймай жүріп алыпты. Тіпті сүйіктісінің қарсылық танытқанын да құлағына ілмеген.

"Ол бір шешім қабылдаса, өз дегенінен қайтпайтын. Үйіндегілердің де, менің де айтқаныма көнбей осы мотоциклді алды. Бірақ Ескендір өмірді жақсы көретін. Сондықтан жылдамдықты асырғанын байқамағанмын.
Тіпті көлік жүргізгенде де сақтықпен айдайтын. Сол себепті, Ескендір "аз ғана ләззат үшін өмірін қатерге тікті" деген сөзге сенбеймін", - деген Алуа Бекқожа сүйіктісінің өмірде жоқ екеніне сене алмай жүргенін айтты.

Ескендір Сүлейменов осыдан екі ай бұрын Алуаға сезімін білдіріп, үйленуге ұсыныс та жасаған екен.

Ескендір сүйіктісімен. Фото: www.instagram.com/aluabekkozha/?utm_source=ig_embed

Ескендір сүйіктісімен. Фото: www.instagram.com/aluabekkozha/?utm_source=ig_embed

"Бізді Ескендірдің досы таныстырған еді. Біраз уақыт жәй достар ретінде сөйлесіп жүрдік. Ал осыдан жарты жыл бұрын сезіміміздің достықтан да жоғары екенін біліп, қыз-жігіт болып кездесе бастадық. Ол екі ай бұрын үйленуге ұсыныс та жасаған болатын.

Біз тойды жаз айында болады деп жоспарлап, екі үйді бір-біріне таныстырып қойғанбыз. Ол өте ақкөңіл, қолы ашық адам болатын. Өзгелердің тек жақсылығын көретін еді.

Ескендірдің өлімі жайлы жұмыста отырып естідім. Біз соңғы рет қайғылы оқиға орын алардан 20-30 минут бұрын сөйлескенбіз. Ал соңғы хатым жауапсыз қалды", - деді сүйгенінен айырылған ару.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
49
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel