RU
Алматылық жезөкшелер елге пайда әкелу үшін бизнес-леди атанбақ
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жезөкшелер елге пайда әкелу үшін бизнес-леди атанбақ

Рассказать Вконтакте

Жезөкшелер мемлекетке салық төлеп, қазынаға мол пайда тигізбек ойда екен. Алматылық жезөкшелер бизнес-леди болуды армандайды. Ежелгі мамандықтың иелері өз істерін заңдастырса, мемлекетке пайда әкелерін айтып отыр. Заңгерлердің ойынша, коммерциялық секстың қызметкерлеріне қазір де салық төлеткізуге болады. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: КТК

Фото: КТК

София тәнін саудалағанына 15 жыл болды. Жылдар бойы заңды түрде салық төлегісі келеді. Сағатына 15 мыңнан жоғары алатын ол тек өзіне ғана жұмыс істейді.

"Біріншіден, мемлекетке мен секілді қаншама адам салық төлейтін болады. Екіншіден, ер азаматтар да, әйелдер де қауіпсіздікте болмақ. Ол әйелдің қандай екенін білмейді ғой. Кейде ішіп алған азаматтар мүшеқап пайдаланғысы келмей жатады", - дейді ол.

Софияның ойынша, ақылы махаббатты онлайн табуға болады. Көптеген келіншектер әлеуметтік желіге түрлі хабарламалар іледі. Көшеден іздегеннен гөрі, сонда тапқан әлдеқайда қауіпсіздеу екен. Бірақ осындай бір түннің кесірінен ол өліп те кете жаздаған.

"Үлкен қайшыны қолға алды. Менің қай жерімді кесіп тастағысы келгенін түсінбедім. Бірақ көздері сондай зұлым әрі қып-қызыл болды. Қорқынышты", - деді София.

Бірақ, осындай жағдайларға қарамастан, интернетте сағаттық махаббат хабарламалары таусылар емес. Талғамыңыз бен ақшаңызға қарай түрлісін табасыз. Дегенмен, ондай сайттар бұғатталып жатқан жоқ емес.

"2017 жылы байланыс операторлары зорлық-зомбылықты, суицидті, порнографияны насихаттайтын 5 500 материалды бұғаттап тастады. Биыл 1 268 материал, оның ішінде 100 порнографияны насихаттайтын материал бұғатталды", - деді Ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілдері.
Фото: КТК

Фото: КТК

Софияның айтуынша, олардың кәсіптері тек өздеріне ғана пайда әкелмейді екен.

"Біздің қыздардың көбі әлеуметтік желі арқылы жұмыс істейді. Оларға полицейлер шығып, ұстап жатады. Ай сайын өздерінің үлесін алып отырады", - дейді мемлекетке салық төлегісі келіп отырған София.
Фото: КТК

Фото: КТК

Заңгер Жангелді Сүлеймановтың айтуынша, мемлекет қыздарды кәсіпкер ретінде тіркеуге толық құқылы.

"Бұл кірістің түрі пол жуу, бәліш пісіру, көлік жуу секілді міндетті түрде тіркелу керек. Себебі, негізінен жезөкшелікке рұқсат етілген. Әйел адам арадағы ешқандай адамдардың араласуынсыз өздегінен тәнін сатуына болады. Құқықтық кедергілердің кесірінен жезөкшелер жақын арада бизнес-ледилерге айнала алмайды-ау деп ойлаймын", - деді заңгер.

Мамандардың ойынша, қоғам мұндай үдерістерге әлі дайын емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
4
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel