Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй иесі өзі әзірлеген тағамды жақтырмаған 80 қонақты улап, бесеуін өлтірген

Опубликовано:

Үндістан тұрғыны жаңа қоныспен құттықтап, әзірлеген тағамдарына қарап күлген бес қонағын өлтіріп тастады. Енді оған өлім жазасы кесілмек деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото © Hindustan Times
Фото © Hindustan Times: UGC

Полицейлер анықтағандай, Прадня күйеуі мен оның отбасын өлтірмек болған. Олардың қатарында ата мен енесі, әпкесі мен екі қызы бар. Туыстары үнемі оның терісінің түсі мен тамақ әзірлеу қабілетіне күліп отырған. Ақыры соңында келіншектің ызасы келіп, ол тамаққа егеуқұйрық уын қосып жіберген.

"Прадняның айтуынша, некедегі екі жылында да туыстары оның тері түсін мазақ етіп, тамақ әзірлей алмайтындығын сөз қылған. Бірінші күйеуі Сурвас та оның туыстары екінші некеге залал келтірді деп ойлайды", - деді полицейлер.

Қоныс тойға 120 шақты адам шақырылған. Ауыл аспазы күндізгі екіден бастап кешкі 11-ге дейін тамақ дайындаған. Кешқұрым тамақ ішкен адамдардың іштері ауырып, құса бастаған. Салдарынан 88 адам ауруханаға түсіп, бес адам қайтыс болды. Мерт болғандардың ішінде жеті мен 13 жас аралығындағы төрт бала болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1739366-j-iesi-zi-zirlegen-tagamdy-zaktyrmagan-80-konakty-ulap-beseuin-ltirgen/

pixel