RU
Ақмола облысында оқушыны соққыға жыққан әкім айыппұлпен құтылды
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында оқушыны соққыға жыққан әкім айыппұлпен құтылды

Рассказать Вконтакте

Жасөспірімді соққыға жықты деп айыпталған Қорғалжың ауылдық округінің бұрынғы әкіміне сот 15 АЕК (36075 теңге) мөлшерінде айыппұл салды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысында оқушыны соққыға жыққан әкім айыппұлпен құтылды

Ақмола облысында оқушыны соққыға жыққан әкім айыппұлпен құтылды

Қорғалжын аудандық сотының қаулысымен 8 сынып оқушысы Диас Мұқанды соққыға жықты деп айыпталған ауылдық округтің бұрынғы әкімі Жанат Омаров Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы, 1-бөлігінде «Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасады деп танылды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында мектеп оқушысына қол көтерген әкім Жанат Омаровтың үстінен іс қозғалған болатын.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel