RU
Қостанайда қызының басқа біреуден екенін білген жігіт әйелінен ақша талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда қызының басқа біреуден екенін білген жігіт әйелінен ақша талап етті

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында нағыз хикая болды. Ер адам некеде туған баласы өзінікі емес екенін біліп қойды деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 100velikih.com

Көрнекі фото: 100velikih.com

Жұбайлардың үш жылдық бірге өмір сүрген кезінде қыз бала дүниеге келді. Ажырасқаннан кейін күйеуі алимент төлеп, баласымен үнемі қарым-қатынас ұстап тұрыпты.

Алайда бұрынғы әйелі басқа ер азаматпен отау құруға шешім қабылдаған кезде, бұрынғы күйеуінде баланың әкесі болуға қатысты күдік пайда болған.

Ол ДНҚ тестіне сұраныс жіберіп, соңында қауіптенулері рас болып шықты. Сотқа арыз берген ол бұрынғы әйелінен 300 мың теңге ақша талап етіп, әкеліктің барлық міндеттерінен айыруын сұраған.

Осы дау медиацияның көмегімен шешілді. Арызданушы сот талаптарынан бас тартқан, ал бұрынғы әйелі болса оған енді жарты миллион теңге көлемінде қаражат қайтаруы керек болады.

Келісім расталып, сот ісі жабылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel