RU
Жерлеу рәсімі қымбаттаған соң қытайлықтар мәйітті өртеуге көшкен
Жаңалықтар Әлемде

Жерлеу рәсімі қымбаттаған соң қытайлықтар мәйітті өртеуге көшкен

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Цзянси провинциясында жергілікті тұрғындар табыттан жаппай бас тартып жатыр. Осылайша дүние салғанда өзін жерлеуден гөрі кремациялауға келісімдерін беруде. Бұл жайында islam.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жерлеу рәсімі қымбаттаған соң қытайлықтар мәйітті өртеуге көшкен

Жерлеу рәсімі қымбаттаған соң қытайлықтар мәйітті өртеуге көшкен

Бұған мазарға бөлінетін жер телімінің болмауы немесе жерлеу рәсімінің қымбаттығы себеп болып отыр. Әр табыт үшін жергілікті тұрғындар шамамен 2 мың юан (303 доллар) өтемақы алады.

Жергілікті биліктің үндеуіне құлақ асқандар маусым айының 23-24-і күндері бес мыңнан аса табыт тапсырған. Тіпті, кейбіреулерін табыттан мәжбүрлеп бас тартқызған.

Қытайлар үшін табыттың орны бөлек. Әсіресе, ауылдық жерлерде тұратындар үшін. Олар тіпті ең жақын адамына табыт тарту етіп жатады.

Айта кету керек, 2016 жылдың сәуір айынан бері мазарға жер бөлу мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Бұл мәселенің шешімін кремациядан көріп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel