RU
Қаржы министрі шымкенттік шенеуніктердің айлығы көбейетінін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қаржы министрі шымкенттік шенеуніктердің айлығы көбейетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов республикалық маңызы бар қала атағына ие болған Шымкент қаласының бюджеті жайлы айтып берді деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов/ Фото: Atameken Business Channel

Бақыт Сұлтанов/ Фото: Atameken Business Channel
Source: UGC

Қаржы министрлігінің басшысы Шымкентке республикалық маңызы бар қала дәрежесі берілгеннен кейін көп жұмысты атқару керектігін атап өтті.

Ең алдымен мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мүлікті бөлектеп, жандандырып, тексеріс жүргізу керек.

Министр Шымкенттегі мемлекеттік қызметкерлердің айлығын орталық органдардың деңгейіне дейін көтеріп беруге уәде берді.

Сұлтановтың айтуынша, барлық мән-жай анықталғасын бюджеттің өңдеулері жүре бастайды.

"Күз айында бюджетті нақтылап, облыс пен республикалық маңызы бар қала арасындағы айырманы қарастыратын боламыз. Шымкенттің бюджеті басқа екі ірі қала секілді көбірек болады", - деді Бақыт Сұлтанов.

Еске салайық, Шымкент қаласы жаңа дәрежеге ие болды. Енді қаланы қайтадан Ғабидолла Әбдірахымов басқарады.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel