RU
ШҚО-да мектеп мұғалімі Месси мен Неймарға өлең арнап жүр
Жаңалықтар

ШҚО-да мектеп мұғалімі Месси мен Неймарға өлең арнап жүр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында тұратын ақын Айжарық Абылқасымов Ресейде өтіп жатқан доп додасының әр матчына өлең арнап, ауылдастарының ықыласына бөленіп жүр деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: football.blogspot.com

Көрнекі фото: football.blogspot.com

Басылымның жазуынша, түрлі жыр жинақтарының авторы ретінде танылған ұстазды ауылдастары спорт сарапшысынан кем көрмейді.

Айжарықтың айтуынша, футбол тақырыбына өлең жазуы ауыл тұрғындарының сұрауынан басталыпты.

"Футбол кешінен алған әсерімді ертеңінде оқушыларыма өлеңмен жеткізіп, солармен бірге ойындарды талқылап жүргенбіз. Кейін түнгі ойындарға ұйқысын қимаған үлкендер көшеде ұшыраса қалса, ойынның нәтижесін сұрайтынды шығарды. Кезінде айтыспен әуестенгендіктен, алған әсерімді өлеңмен жеткізу маған аса қиындық туғызбайды. "Ақсақал, бері келіңіз" деп шақырып алам да, ойынның қалай өрбігенін бейнелеп жеткізіп берем", - деген мұғалім футболға арнаған өлеңдерінің көбі әзілге құрылғанын айтады.

Мәселен ол кеше Нигерия мен Аргентина арасында болған ойында Мессиге өлең арнаған.

"Қарашы, дос көңіліңмен көлем қып,
Футбол деген - биіктік пен тереңдік.
Аргентина абыройын сүйреген Мессидікі - махаббатты шеберлік!
Ол классика ала добын меңгеріп,
Дөңгелетті дүниені өңгеріп.
Нигерия-Аргентина ойыны
Есте қалды Ресейден жел келіп,

О, құдірет, Месси салған соққан сол голдан Аспен мен Жер тұрғандай-ау тербеліп!", - деген ол Бразилия құрамасын алға сүйреп жүрген Неймар мен Коутиньоға да жыр жолдарын арнаған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel