Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы Германия топтық кезеңнен шыға алмай қалды

Опубликовано:

Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында өткен Германия-Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы ойын тарихта қалары сөзсіз. Орта Азиялық команда "неміс машинасын" істеп шығарып, әлем чемпионатынан ұшырып жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Германия құрамасының кезекті сенімсіз ойыны әлем чемпионатын жалғастыру мүмкіндігінен айырған. Кореялық футболшылар өз белсенділігін ойын соңына дейін көрсетіп, әйгілі Нойер қақпасына екі гол соқты.

Немістердің қарсыластарына айтар жауабы болмады. Олардың ұйымдастырған шабуылдары сәтсіздікпен ғана аяқталып жатты.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: UGC

Нәтижесінде, ойынның соңында бәсеңдік танытқан Германия құрамасы, әлем чемпионатынан онсыз да ұшып тұрған кореялықтардан ұтылып қалды. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Немістер топтық тізімде соңғы орыннан бір-ақ шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739473-lem-cempiony-germania-toptyk-kezenen-syga-almaj-kaldy/

pixel