RU
19 жастағы жігітті қағып кеткен Риддер әкімінің орынбасары бір жылға сотталды

19 жастағы жігітті қағып кеткен Риддер әкімінің орынбасары бір жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында сот 19 жастағы жігітті қағып өлтірген Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты шешімін шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Құрманбаев пен Евгений Смольников. Фото: ridder.gov.kz/31.kz

Бауыржан Құрманбаев пен Евгений Смольников. Фото: ridder.gov.kz/31.kz

Кеше, 27 маусым күні, сот отырысы кезінде прокурор әкімге бес жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауын сұрады.

Қайтыс болған Евгений Смольников әкесінің айтуынша, ол әйелі екеуі кінәлі азаматты кешіруді шешкен. Бүгін судья өз үкімін шығарды.

Сот істің бүкіл мән-жайын тексеріп, Құрманбаевқа бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, енді бұрынғы шенеунік көлік құралдарын бес жыл басқара алмайтын болды.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel